13
қазан
2022
СҮЛЕЙМЕНОВ Сәкен Бекболатұлы

2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің директоры.
3.Жынысы: ер
4.Туған жылы, күні, айы: 18.04.1969 ж
5.Ұлты: қазақ
6.Білімі: жоғары, Қарағанды қаласындағы Қазақ тұтынушылар кооперациясы институты, «Бухгалтер есеп, бақылау және талдау» мамандығы (1994 ж)
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, математика пәнінің мұғалімі мамандығы (Қызылорда қ., 2003ж)
7.Жалпы жұмыс өтілі: 37жыл
8.Саладағы жұмыс өтілі: 29 жыл
9.Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 1 жыл 7 ай
10.Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Сүлейменов Сәкен Бекболатұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында 1969 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.
1986 жылы жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.
1987-1989 жылдары әскери қызмет қатарында болды.
1989-1994 жылдары Қарағанды қаласындағы Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын «Бухгалтер есеп, бақылау және талдау» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1994 жылдан бастап Жаңақорған ауданындағы №245 мектепке математика пәнінің мұғалімі болып қабылданады.
2003 жылы өндірістен қол үзбей Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірді. Сол аталған мектепте мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2003 жылы Кентау қаласына қоныс аударуына байланысты, қаладағы №2 мектепке математика пәнінің мұғалімі болып қабылданды.
2004 жылы 10 желтоқсан күні Кентау қаласына қарасты «Төрткүл-төбе» негізгі мектебіне директор қызметіне тағайындалды.
2009 жылғы 24 қыркүйекте ауысу тәртібімен Кентау қаласындағы Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің директоры қызметін атқарды.
2011 жылғы 18 қазаннан бастап ауысу тәртібімен Кентау қаласындағы әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарды. 2022 жылғы 08 сәуірінен ротациялық тәртіппен Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің директоры болып ауыстырылып, қызметін абыроймен бүгінгі күнге дейін атқарып келеді.
Мектепке басшылық жасап жүрген жылдары, яғни 2004-2009 жылдары «Төрткүл-төбе» негізгі мектебі жалпы орта мектепке айналып, жаңа мектеп құрлысы басталады. 2010-2011 оқу жылында Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі ҰБТ қорытындысы бойынша барлық үздік және алтын белгі үміткерлері 100 пайыз ақтап, қала бойынша 1 орын иеленді. 2013 жылғы 25 қарашада «әл-Фараби атындағы №14 эстетикалық-лингвистикалық бағыттағы мектеп-гимназия» мәртебесін алды. 2015 жылғы ҰБТ нәтижесінде мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған Республика бойынша 100 мектептің ішінен 47 орынды иеленіп қаламыздың мерейін көтерді. Осы жылдар ішінде бірнеше марапаттаулармен марапатталды. 2012 жылы Қалалық білім беру бөлімі және Қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесі алғыс хатымен марапатталды. 2013 жылы Жас ұрпақ өкілдеріне тиянақты тәлім-тәрбие беріп, сапалы білім алуына елеулі еңбек еткені үшін қала әкімінің мақтау қағазымен және Облыстық «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының алғыс хаттарымен марапатталды. 2014 жылы Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды. 2015 жылы Кентау қаласы әкімінің 2015 жылғы 7 қазандағы №614 Өкімімен «Кентау қаласына 60 жыл» мерекелік медальімен марапатталды. 2016 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің №157 куәлігі бойынша «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы Шымкент қаласы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетімен бірлесе отырып, «Оқушылардың және студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасайтын есептер» Оқу- әдістемелік құрал авторы атанды. 2017 жылы Кентау қаласының қоғамдық-саяси өміріне қосқан зор үлесі үшін «Қала жанашыры» төс белгісімен марапатталды. «За заслуги в образовании» медальімен 2018 жылы марапатталды. 2018 жылы білім саласын дамытудағы еңбегі үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Келешек ұрпаққа білім мен тәрбие беруде білім беруді дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жоғары дәрежелерге қол жеткізгені үшін Сәкен Бекболатович басқарып отырған ұжым ҚББ қарасты 63 мектеп ішінен «Үздік білім беру мекемесі - 2018» номинациясымен марапатталды. 2019 жылы наурыз айында білім саласында өлшеусіз үлес қосып, қызметтегі жемісті де адал еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасынаң бірінші орынбасары Н.Жолдасовтың алғыс хатымен марапатталды. Кентау қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйегіндегі №490 Өкімімен «Кентау қаласына 65 жыл» мерекелік медальімен марапатталды. 2021 жылы Кентау қаласының әкімі Алғыс хатымен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың мадақтамасымен марапатталды. 2021 жылы қалалық «Үздік менеджер-үздік басшы-2021» байқауына қатысып, «Әдістемелік қызметтің вернисажы» номинациясымен марапатталды. 2022 жылы қаланың дамуына үлес қосқаны үшін «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және Түркістан облыстық «АMANAT» партиясының алғыс хатымен марапатталды.
Сүлейменов Сәкен Бекболатұлы «Басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санатты ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, кішіпейіл, қарапайым басшы.