23
сәуір
2025
Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп бойынша кітап мен оқуды насихаттаудың озық үлгісі ретінде Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасы аясындағы педагогтар арасында «Кітапхан» кітап оқыту әдісі бойынша облыстық топтық сайысына 2025 жылдың 23 сәуір күні мектебіміздің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Сырымбет Гүлнұр қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабын қорғап шығып, жартылай финалға жолдама алды. Алдағы жартылай финалға сәттілік тілейміз!



