21
сәуір
2025
Талапты ұстаздан – талантты шәкірт
«Талапты ұстаздан – талантты шәкірт» жобасы аясында 7.04-11.04 аралығында апталық болып өтті. Апталық барысында Дизайн сабақ (қазіргі заманғы роботтың мұқабасын жасап, оның консепциясын түсіндіреді) ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың жаңашыл техникалық білім алуға деген құштарлығын дамыту.
Ұйымдастырылған шара барысында қалалық жарысқа қатысып, жүлделі орын алып келген оқушыларымыз Амангелді Б., Орманов Е. Сұрыптаушы роботты қатысушыларға таныстырып, оның қызметін, пайдасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар оқушыларды осындай жарыстарға көптеп қатыстыруға мотивациялар берді.
9 сынып оқушылары Abilix конструкторлары арқылы тік ұшақ, ақылды есік, гонка жасап, роботтарды қорғап берді. Ал, 6 сынып оқушылары Lego Spike конструкторларынан жасаған роботтарын көрсетіп, таныстырды. Сонымен қатар Tinkercad бағдарламасын пайдалана отырып, Flash Forge принтерінде жасаған 3D моделдерін таныстырды.



