Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолыңда
9.04.25ж мерзімінде “Талапты ұстаздан, дарынды шәкірт” жобасы аясында “Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолыңда” тақырыбында көркем еңбек пәні бойынша 8 сынып және 5 сынып оқушылары арасында шығармашылық жұмыстарынан шебер сынып өтілді.
Шебер сағатының мақсаттары:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олардың өз өнері арқылы өзін-өзі танытуға, өз идеяларын көрсетуге мүмкіндік беру.
Көркем еңбек пәнінің аясында дарынды оқушыларды тәрбиелеу және олардың шығармашылық әлеуетін ашу.
Өнер арқылы оқушылардың рухани және мәдени дамуына ықпал ету.
Дарынды шәкірттердің еңбектерін көпшілікке таныту, шығармашылық жұмысын қоғамға көрсету.
«Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолыңда» жобасы оқушылардың шығармашылық әлеуетін көрсетіп, оларды болашақта өнер әлемінде өз жолдарын табуға ынталандырды. Оқушылар тек кәсіби шеберлікті емес, сонымен бірге адамның ішкі әлемін, сезімдерін өнер арқылы жеткізу дағдыларын да меңгерді. Осы жоба арқылы оқушылар өздерінің өнеріне сеніммен қарай отырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге деген ниет қалыптастырды.




