17
сәуір
2025
Қазақтың дәстүрлі музыкалық жанрлары домбырашылардың күй сайысы
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарына сәйкес «Дарынды бала – дара бала» жобасы аясында дарынды оқушылар апталығында 16.04.25 жыл күні 4, 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында музыка пәнінен алған білімдерін көрсету. Бұл сайыста қатысушылар өз өнерін ортаға салып, күй тартыс шеберлігін көрсету мақсатында «Қазақтың дәстүрлі музыкалық жанрлары домбырашылардың күй сайысы» тақырыбында сайыс өтті. Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірі мен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуенді әуелеткен оқушыларымыз: 7 «В» сынып оқушылары М.Абдашимов, Н.Ибадулла, 7 «Б» сынып оқушысы А.Қаламбаева, 4 «Ә» сынып оқушылары С.Сайлаубек, Б.Сейтқызы А.Ғалымжан, Х.Тасболат, Н.Алтынхан. Ұйымшылдықпен қатысқан оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыс, биік жетістіктер мен армандары орындалуын тілейміз. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Г.Қадырбаеваға алғыс білдіреміз!!!


