Әдебиет айнасы: өткеннен болашаққа » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сәуір
2025

Әдебиет айнасы: өткеннен болашаққа

Б.Момышұлы атындағы № 12 жалпы білім беретін мектепте 2025 жыл 17 cәуір  күні «Талапты ұстаздан-талантты шәкірт» жобасы аясында «Әдеби әлем» және «Тіл-ой қаруы » бағытымен «Әдебиет айнасы: өткеннен болашаққа»  тақырыбында 7-сыныптар арасында квест-сабақ ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздары Г.Сырымбет, Г.Қалдаяқова және аға тәлімгер А.Қалдыбаева. Сайыс сабақты директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары А.Арыстанбекова ашып беріп, оқушыларға сәттілік тіледі.Бұл сайыс жыл бойы жүргізілген жобаның қорытындысы болды.
 Квест-cайысты өткізудегі мақсат: Әдебиет әлемінің дара тұлғаларының шығармаларын насихаттай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
1 кезең – «Өлең жолдарын жалғастыру»
2 кезең – «Мақал-сөздің мәйегі!»
3 кезең – «Тарихтан сыр шерткен тұлғалар» 
4 кезең – «Қызықты ойындар – зияткерлік дамудың кілті»
5 кезең – Қорытынды
Оқушылар квест-сабаққа белсене қатысты. Әр сынып өз намысын қорғады , өлең шумақтарын жалғастыру,тарихи тұлғаларды  анықтау барысында сайыс тартысты өтті.Мұндай  іс-шаралар алдағы уақыттарда өз жалғасын таба беретін болады.
Қорытынды соңында оқушылар «Алғыс хатпен» марапаталды.