ДАУРЕНОВ Мырзахмет Сайлаубекович » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қазан
2022

ДАУРЕНОВ Мырзахмет Сайлаубекович

                                                                                          

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп

директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Дауренов Мырзахмет Сайлаубекович



МЕНІҢ ӨМІРБАЯНЫМ


    Дауренов Мырзахмет Сайлаубекович 1974 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы «Қазата» ауылында туылдым.  Осы ауылда «Тұрмыс-1» жалпы орта мектебінде он бір жыл білім нәрімен сусындап 2001 жылы арман жолымен өз қалаған мамандығым «Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алу мақсатында, Түркістан қаласындағы «Түркістан мемлекеттік гуманитарлық-техникалық колледжіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып ,2004 жылы  бітіріп шықтым. Осы мамандық бойынша осы жылы, «Қазақстан-Ресей универсиетіне оқуға түсіп, 2007 жылы «Бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесінің бакалавры» мамандығын алып шықтым. 2013 жылдан бастап Кентау қаласындағы «Кентау» Қазақ кәсіптік текхникалық  колледжіне бастауыш сыныпта оқыту мамандығы студенттерге педагогика пәнінен оқытушы етіп қабылдандым . Еңбек жолында студенттерге өз бойымдағы алған білім нәрімен сусындатып Қалалық түрлі байқауларға, ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болдым.Білімім жоғары. 2017 жылдан бастап осы қаладағы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебіне «Бастауыш сынып мұғалімі» қызметіне қабылданып, жас бүлдіршіндерге бойымдағы бар білімділік күш жігерімді көрсетіп 2018 жылдан осы уақытқа дейін, Бастауыш сыныптары директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келемін.Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 10 жыл.  Осы мектептегі педагогикалық еңбек өтілім     5 жыл, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ретіндегі еңбек өтілім 4 жыл. 2021 жылы үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары лауазымын алдым. 

    Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын арттырып отыруға тиіс. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде өзгеріске бейім, заманауи оқыту кезеңінде инновацияға негізделген әдістемелік жұмыстарды шығармашылықпен жүйелей алдым. Әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шаралардың жүргізу әдісін талдап, саралап, шығармашылық топтарға бағыттап отырдым. Еңбек еткен жылдары талай жетістіктерге жетіп мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстазбын. Оқу орынбасарық ретінде 2019 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия курсын және 2022 жылы «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» курстарын оқып сертификаттарымен бірге тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуына белсене қатысқаным үшін Алғыс хат алдым. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ҚР Үздік педагогтары» ғылыми жұмыстардың республикалық конкурысына қатысып 1 дәрежелі дипломмен, 2021 жылы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастырумен Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде «Критериалды бағалау жүйесі аясында мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру» қалалық оқу семинарында құнды баяндама оқығаным үшін қалалық  мадақтамаға және  Қалалық Білім бөлімінің ,бала тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін Алғыс хаттар мен марапатталдым. Мектепішілік «Жас маман – 2018» байқауының «Бас жүлде», 2019 жылы Қалалық Білім бөлімі әдістемелік кабинетімен Жастар орталығының ұйымдастырған «Үлгілі отбасы мәңгілік елдің тірегі» байқауының екінші орын иегері атандым.Түркістан облыстық әдістемелік Білім басқармасының 2018 жылы  «Математика - ғылымдар патшасы» атты бастауыш сыныптар арасында өткен олимпиададан дайындаған оқушым  бірінші орын алғаны үшін «Құрмет грамотамен»  осы жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «BILIM-ORKENIETY» ұлттық –инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық байқауында  II дәрежелі дипломмен марапатталдым. Оқу орынбасарлығы ретінде негізгі мақсатым- оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Бастауыш сынып оқушыларының түрлі олимпиадаларға дайындығын бақылау және ұйымдастыру жұмысымен тікелей 2018 жылдан айналысып келемін. Бастауыш сынып оқушыларымның түрлі қала, облыс, респуликалық олимпиада , ғылыми жұмыстардан алған жетістіктеріміз бір төбе. ҚР Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды жүйелі жүргіземін. Бағдарламаның бір тармағы үздік оқитын талантты, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізудеміз. Осы ретте мектепішілік өткен әрбір іс- шарасын бұқаралық ақпарат құралдары «Білім шыңы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына, «Ғасыр» Республикалық саяси газетке және қалалық «Кентау шұғыласы» қалалық қоғамдық – саяси газет беттеріне жариялап отырдым. Атап айтатын болсақ мектебіміздің бастауыш сынып қазақ тілі бөлмесіне аты берілген қаламыздың Құрметті азаматы Рахым Балабиевпен «Жүректерге жол іздеу» атты әдеби кеші, «Жаңа дәуір мектебі», «Білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер-сапалы білім берудің кепілі», «Бұл кеш қос мерекеге арналды», «Мамандығым мақтанышым», «Білім негізі бастауышта», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе», «Жарайсың Диас!», «Күзгі демалыс аясында» «Мектеп өмірінің бір күні» т.б өткізген көптеген іс- шараларым  газет беттерінен көрініп келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беретін педагог. Сондықтан мұғалімдерге кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызу, шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында көп еңбек етеді. А.Байтұрсыновтың «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік» деген қанатты сөзін үнемі басшылыққа алып және сол бағытта жұмыс жасаудамыз. Атап айтсам, мұғалімдер арасында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айту, түсініп оқу мақсатында дәстүрлі мектепішілік байқауды жолға қоя білдік. Тіл – адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу – адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі болып табылады. «Сөйлей білу - өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болатынын әріптестерімізге түсіндіре білдк. Ол үшін кітап оқу керек. Мұғалімдер арасында оқылатын кітапты арнайы даталарға байланысты бірлесе жоспарлаймыз.