Хабарландыру! » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қаңтар
2025

Хабарландыру!

                                                          Хабарландыру!

Кентау қалалық білім  бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін  мектебі" КММ 2024-2025 оқу жылына:
 "Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі" қызметі бойынша уақытша бос жұмыс орнын жариялайды.
 Жүктемесі: 16 сағат бірлік.
 Жұмыс мерзімі: уақытша
 Үміткерлер құжаттарын 09.01.2025 жылдан  20.01.2025 жылға дейін shkola12.bmomyshuly@mail.ru поштасына жолдаулары қажет.
 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (24.12.2024 №362 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Кентау қаласы, Қонаев көшесі №39. Байланыс нөмірі: 8 (776) 384-22-22
 Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

1. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде білуі;

2. Мамандығына сәйкес біліктілік дағдыларын кәсіби тұрғыдан толық меңгеруі;

3. Педагогикалық әдеп нормаларын толық білуі («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы)

7. Қазақстан Республикасы заңнамаларынан хабардар болуы;

8. Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) осы Қағидаларға 1718-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

      9. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

10. Құжаттарды қабылдау мерзімі:

- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде; 

11. Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Похожие публикации:

13 қыркүйек 2024 Хабарландыру!
19 тамыз 2024 Хабарландыру
16 тамыз 2024 Хабарландыру
16 тамыз 2024 Хабарландыру
15 тамыз 2023 Хабарландыру!