24
қаңтар
2025
Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директоры С.Б.Сүлейменов, аналар кеңесінің төрайымы М.Қ.Кривенцова, Кентау қалалық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты М.С.Құттыбаева, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Отбасын қолдау» және психологиялық сүйемелдеу бөлімінің қызметкері Н.Оспанова және Қ.Шалаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалы А.Құрманбаева, ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция майоры М.Аяшев қатысып, оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, лудомания, вандализм және ысырапшылықты болдырмау, оның алдын алу және тәртіпті, тәрбиелі болу, кешкі уақытта көшеде босқа жүрмеу жайлы т.б. тәрбиелік мәнге толы әңгіме қозғап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



