МУХТАРОВА Ботагөз Абдраймовна
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.А.Мұхтарова
Мұхтарова Ботагөз Абдраймовна 1968 жылы туған. Білімі жоғары. 1996 жылы Шымкент қаласында педагогикалық институттың филология факультетің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек 32 жыл, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметі бойынша - 17 жыл.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеуді мақсат етіп, қызмет етіп келеді.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін ертең ел тұтқасын ұстайтын шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш -жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
Жоғары нәтижеге жету мақсатында педагог қызметтің басты ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның өзара жүйеленген қарым-қатынасын қадағалайтын тәрбие процесінің жүргізілуін жақсы жолға қоя білген.
Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз орынбасар. Ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында бірнеше қалалық саминарлар ұйымдастырып, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға оқушылар дайындап, қатыстырып, жетістіктерге жеткен.