01
қазан
2022
САНСЫЗБАЕВА Айсана Нұржанқызы
Менің өмірбаяным
Сансызбаева Айсана Нұржанқызы 1993 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы «Көкмардан» ауылында туылдым.Осы ауылда Көкмардан атындағы жалпы орта мектебінде 11 жыл білім алып, 2010 жылы Шымкент қаласы ОҚМПИ-дің «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге бюджет тарапынан оқуға түсіп, 2014 жылы бітірдім. 2014 ж Кентау қалалық білім беру бөліміне«Қамқоршы және қорғаншы» бөліміне инспектор болып жұмысқа орналастым. Ол жерде 6 жылға жуық жұмыс істедім. 2020 ж
Б.Момышұлы атындағы No12 жалпы орта мектебіне «Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2022 жылдан бастап «Кәсіптік бағдар беруші педагог» болып жұмыс атқарып келемін. Жалпы еңбек өтілім-8 жыл.
Санатым: «Педагог-модератор»
Шымкент қаласы «Шымкент университеті» «Көркем еңбек» Білім беру бағдарламасының 2-курс (жеделдетілген 2 жылдық) қашықтықтан білім алудамын.
МАРАПАТТАУЛАР
2020-2021 оқу жылында «Жарқын болашақ иесі бүгінгі жас маман» аясында ұйымдастырылған «Үздік жас маман-2021» сайысында жүлделі ІІ орын.
2019 жыл 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚББ-нен еңбек кітапшасына алғыс жарияланды
2020-2021 оқу жылында «АБАЙДЫ ТАНУ-ҚАЗАҚТЫ ТАНУ» тақырыбында өткен мектепішілік
мұғалімдер арасында өткен Абай оқуында «Өнерлі ұстаз» номинациясын иелендім.
2020-2021 жылы «Өнерлі ұстаз-2021» байқауының қалалық кезеңіне қатысып жүлделі Ш орын.
2020 жылы Тәуелсіздік күніне Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы Б.Жұмабаевтің «Алғыс хаты»