Білімдіге дүние жарық » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2023

Білімдіге дүние жарық

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысы бойынша 1-4 сыныптар ата-аналарымен "Білімдіге дүние жарық" атты тренинг ұйымдастырылды. 
Тренингтің мазмұны,  жеке басын дамытудағы баланың  мектепке бейімделуі, баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту тәсілдерін қолдану. Тренингті ұйымдастырған  А.Қалдыбаева және А. Дүйсенбиева түрлі  әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, баланың қызыға оқуына ата-ана тарапынан көмектесу, бағыт бағдар беру жолында «Бала бейімделуден қалай өту керек» атты бейнебаян көрсетіліп, кластер құрылды. Соңында   кері байланыс берілді. Тренинг соңында ата-аналарға кеңес беріліп,  ойындар арқылы  қорытындылап, аяқтады.