Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі
Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі" тақырыбында сырласу кеші өтті. Кентау қалалық ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ төрайымы Маржан Қазыбайқызы Мектеп аналарымен сырласу кешіне қатысып аналармен бала тәрбиесінде ата ана маңызДы рөл атқаратындығын тереңдете түсіндіріп өтті. Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөлді атқарушы-Отбасы. Отбасындағы сыйластықтың, қарым-қатынас дамуына ықпал ету мақсатында мектебіміздің педагог- психологтары Б.Бекжанова, А.Дүйсенбиева балаларды сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеуде "Бала тәрбиесі төл бесіктен басталады"дей отырып ой толғау сырласу болды. Қоғам отбасынан құралады. Ал отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін ата-анадан қымбат ешкім жоқ. Бала тәрбиесі дала бағындағы гүл өсіруге мүлдем ұқсамайды."Ел болам десең, бесігінді түзе М.Әуезов атамыз айтқандай "Баланы жастан"дегендей. Баланың өсіп өркендеуі, қанат жайып, инабатты, ибалы болуы ата-анаға тікелей байланысты. Жарық дүниеде ата-ананың бақыты, қуанышы, арманы бала сүю. Сол баланы тәрбиелеу, өсіп жақсы тәрбиелі етіп жетілдіру өте маңызды.
Пікір алмасу ой бөлісу "Қалай жақсы ата-ана бола аламыз?" ата-аналар, келген қонақтарға ой бөлісіп өздерінің, бала тәрбиесінде көкейіндегі жүрген ойларына жауап ала білді. Адами әлеуетті дамыту бөлімінің педагог психолог әдіскері Р.Мейрамханқызы өзінің өмірлік тәжірибесімен және отбасында бала тәрбиесі жайлы ой бөлісті. Сырласу кеші ашық,шынайы түрде өтті. Бейнероликтер көрсетіп, тренингтер ұйымдастырылды
