«Robotek Grand Tournament-2024» чемпионаты » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2024

«Robotek Grand Tournament-2024» чемпионаты

 «Robotek Grand Tournament-2024» чемпионаты.
23.01.2024 жылы Абай атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» 17.01.2024 жылғы №2-2/19 санды хатына сәйкес бөлімге қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9-17 жас оқушылары арасында ережеге сәйкес «Robotek Grand Tournament-2024» чемпионатынының қалалық кезеңі өтті.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері:
Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету.
- Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
- Ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру.
- Балалар мен жасөспірімдерге спорттық және кәсіби қызмет үшін қажетті дағдыларды дамыту.
- Жастардың өзекті инженерлік-техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Чемпионатқа мектептен 7 санаттағы жас аралығы бойынша 7 командадан қатысты (1 командада жасына байланысты 2 оқушыдан қатысты)
1. Роботек (9-12 жас);
2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас);
3. Жеткізуші робот (10-13 жас);
4. Мерген - кіші санат (10-13 жас);
5. Мерген – жоғары санат (14-17 жас);
6. Туды жеткізу (14-17 жас);
7. Сұрыптаушы робот (14-17 жас).
Чемпионаттың қалалық кезеңінде Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің "RoboKids" (5 сынып), "Robolike" (9 сынып) командалары қатысты. "RoboKids" командасының мүшелері Тұңғышбек Абылайхан, Дәулет Әсия. "Robolike" командасының мүшелері Амангельдиев Бекзат, Орманов Балаби. "Robolike" командасы жүлделі ІІІ орын және "RoboKids" командасы номинация иеленді. Жетекшісі информатика-робототехника пәнінің мұғалімі Досумова Айгерим. Орын алған командаларға қалалық білім бөлімінің басшысы А.Ауелбеков мырзаның мақтау қағаздарымен және кубоктармен марапатталды. Оқушыларға сәттілік тілейміз.