27
ақпан
2024
Мен жастарға сенемін
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 27 ақпан 2024 жыл күні директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарға сәйкес дарынды балалармен жұмыс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ахметованың ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 131 жасқа толуына орай 5,6,7,8-сынып оқушылары арасында " Мен жастарға сенемін" тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту."Мен жастарға сенемін "өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып,өлеңнің мазмұнын,өлеңді жатқа оқу арқылы негізгі идеясы түсіндірілді. М.Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20-ғамырдың басында-ақ Еуропа орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. М.Жұмабаев -қазақ өлеңінің ұлттық бояуымен рухын ұстана отырып, оны түрлендіріп айтқан, адам жанының сұлулығы мен сыр сымбатын жырлаған, осылайша қазақ халқының жүрегіне жол ашқан халқының білікті де парасатты ақыны екендігі оқушыларға насихатталды. Мәнерлеп жатқа оқу сайысының қорытынды кезеңінде үздік оқыған оқушылар марапатталды.
Бас жүлдені Дәулет Әсел 5"б" сынып оқушысы, 1-орынды Борамбай Санжар 6"ә" сынып, Сейтова Мадина 6"ә" сынып,Тұрарбек Еңлік 7"б" сынып, Беркин Жаннұр 5"ә" сынып. 2-орынды Есенжолова Лимара 7"ә" сынып, Исмайлова Раушан 7"ә"сынып, Өмірәлі Айару 7"б" сынып, Тұрарбек Еңлік, Орындаймыз Инабат 7"б" сынып. 3-орынды Қуатова Сағыныш 5"ә" сынып Хусан Даниял, Орманбек Алихан 5"ә" сынып, Бейсенова Айда 7"а" сынып. Дарынды шәкірттеріміз көп болсын!!!