12
сәуір
2024
Жақсы кітап-жан азығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды. Осыған сәйкес, Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 3 "ә" сынып оқушылары мектеп кітапханасымен тығыз байланыста «Оқуға құштар мектеп», Оқуға құштар бала» жобасы аясында үлкен үзілістерде кітап оқуды жолға қойған. Мектепішілік түрлі ақын жазушыларымыздың атаулы күндеріне орай түрлі мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып жүлделі орындар иеленуде. Осыған орай Кентау қалалық орталық кітапханасының шақыртуымен ұйымдастырған «Жақсы кітап-жан азығы» қалалық іс-шарасына қатысып өз бойларындағы кітап оқуға деген құштарлықтарын көрсете білді.Іс-шарада кітап оқумен қатар әдеби көрініспен қоса өз ән билерімен көзге түсіп орталық кітапхананың директоры Г.Кокузова сынып жетекшісі Г.Қасымханқызына және 3 «Ә» сынып оқушыларына кітап оқуда, өз өнерлерін керемет нәтижеде көрсеткендері үшін АЛҒЫС ХАТпен марапаттады.


