19
сәуір
2024
“Қазақтың келіндері-ай” қалалық байқауы
2024 жылдың 19 сәуір күні Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 29.03.2024 жылдың N40-02-09/134 санды хатына сәйкес, жастарға отбасы құндылықтарын жоғары көтеріп, ұлттық, рухани тәлім-тәрбие беру мақсатында өткен “Қазақтың келіндері-ай” атты қалалық байқауына Б.Момышұлы атындағы N12 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі - Әуелбекова Балнұр Қанатқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сахнада да сәлемін үзбеген инабатты келіндер, бір-бірін қолдауға дайын шаттығы шалқыған отбасылардың қатары арта берсін!