18
сәуір
2024
Экология және біз
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 18 сәуір күні "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы және ұйым белсенділері 7 "Ә" сынып оқушыларына "Экология және біз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: экологиялық білім мен тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғаудың жобаларын ұсыну, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу. іс-шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мұхтарова Ботагөз Абдраймқызы және әлеуметтік педагог Сырымбет Гүлнұр Қалмырзақызы қатысып, оқушыларға Мемлекет басшысының "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" акциясы, «Адал адам - Адал еңбек - адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын реттеу жайлы түсіндірме жұмысын жүргізіп, қорытындылады.