"Жаһандану дәуірінде отбасындағы жағымды қарым-қатынас орнату" тақырыбында дөңгелек үстел
Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы мектебінде 13.01.2023 ж жоспарға сәйкес, мектеп ата- аналармен және мектеп әкімшілігінің қатысуымен "Жаһандану дәуірінде отбасындағы жағымды қарым-қатынас орнату" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Үстелді ұйымдастырудағы мақсат- жас ұрпақты парасатты, құндылықтарға бай, адамгершілігі жоғары, заман өзгерісіне бейім тұлғаны қалыптастырудағы ата-ананың ролін нығайту. Мектептегі үштік одақ байланысын дамыту, ата-аналармен өзара түсіністік; оқушының ішкі дүниесін ашу; ата-аналармен жауапты ұйымдастыру тарапынан көмек.
Педагог-психолог А. Дүйсенбиева дөңгелек үстелге қатысушыларға "Сәлемдесу" тренинг-жаттығу өтті. Ата-аналарға "Бала тәрбиесі туралы" видеоролик көрсетіліп, бала тәрбиесі туралы ойларын ортаға салып, бала тәрбиесіне ата-ананың ролі маңызды екендігін түсінді. Ата-аналармен топтық жұмыстар жүргізілді. "Еркін микрофон" әдісімен әлеуметтік педагог Г. Сырымбет сұқбат жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналар өздеріне көптеген қажетті ақыл-кеңестер алды. Ата-аналар мен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісілер дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Мұнда шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

