Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі
06
мамыр
2024

Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі

Түркістан облысы Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушылары үшін 2023-2024 оқу жылы ерекше тәрбие мен қатар жүретін білім жолында үлкен жетістіктерді бағындырып келеді. Осындай жетістіктердің бастамшысы мектеп директоры С.Сулейменов болса, дарынды  оқушыларды дайындап қала, облыс, республика көлеміндегі олимпиада, байқауларға қатыстырушы сынып жетекшісі Н.Скендерованың еткен еңбегі ерекше. Соның дәлелдері Алматы қаласында өткен «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қара өлеңнің қас шебері, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК -2024» III республикалық Мұқағали оқуы байқауында шығармашылық дарынымен ерекшеленіп  қоғамдық қорының төрағасы А.Б.Сайлауханнан  Исатай Мадина I ОРЫНҒА, Шымкент қаласында өткен Ұлы ойшыл, ұлт ұстазы Абай Құнанбаевтың 179 жылдық мерейтойына арналған республикалық «АБАЙ ӘЛЕМІ» көркемсөз байқауында өнерімен дараланғаны үшін орталық директоры Қ.Б.Сулейменованың  III дәрежелі мадақтамасымен,  Түркістан облыстық «АЛТЫН САҚА» математикалық олимпиадасында облыс көлемінде II ОРЫН алғаны үшін Рахымжан Айым мадақтамаға ие болды. Осындай дарынды шәкірт дайындап, олардың шығармашылық  дамуына қосқан үлесі үшін сынып жетекшісі Скендерова Наргиз республикалық ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. Дарынды да білікті шәкірттеріміз көп болғай, марапаттарыңыз құтты болсын!