20
мамыр
2024
«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Шахтыбай Нәзік ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық–ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми- шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінен «Бас жүлде», облыстық кезеңінен ІІІ орын алғаны үшін марапатталды. Жүлдегер оқушыны дайындаған жетекшіміз Каюпова Майра ұстазымызға алғыс білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын. Еңбектеріңіз жана берсін!!!


