04
қараша
2024
Мектепішілік пәндік олимпиада
Түркістан облысы, Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы N12 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 31 қазанда 5-6, 7-8 сынып, 01 қараша күні 9-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. 04 қараша күні 5-11 сынып оқушылар арасында барлық пәндер бойынша өткізілген мектепшілік олимпиада қорытындысын жариялап, жүлделі І-ІІ-ІІІ орын иегерлері марапатталды. Мектеп директорының бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова оқушыларды құттықтап, алда болатын пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінен жүлделі орын алып, мектебіміздің мерейін асыратындықтарына сенім артып, сәттілік тіледі!!!


