15
қараша
2024
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
Түркістан облысы, Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 15 қараша 2024 жылы “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша, "Қараша айы - Әділдік және Жауапкершілік айы" аясында және Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің" Кентау қалалық Руханият орталығының 08.10.2024 жылғы, №23 санды хатына сәйкес, директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және 3-4 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу мен салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында «Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау» іс-шарасы өткізілді. Өткізілу барысында 3-4 сынып оқушылары қамтылды. «Ләңгі тебу», «Асық ату», «Қол күрес» ұлттық ойындары ойнатылды. Мақсаты: адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан-ойға жетелейтін тынысын кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін, ғажайып нәрсе – қазақтың ұлттық ойындары. Міндеті: халқымыздың өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасының бірі- ұлттық ойындарды насихаттау. Қорытындылай келе, қазақтың балаларға арналған ойындары- ұлттық ерекшеліктерге тәрбиелеу!!!


