Әдемі жазу да-өнер » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қараша
2024

Әдемі жазу да-өнер

Түркістан облысы, Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беру мектебінде, Кентау қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптары бойынша әдіскері Б. Орынбекованың жылдық жоспарына сәйкес, «Әдемі жазу да-өнер» тақырыбында 29.11.2024 жылы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Дауреновтың ұйымдастырумен қалалық оқыту семинары болып өтті.
Семинар   мақсаты:  Көркем жазу – оқушының мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күнінен басталады. Оқушыларды сауатты мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге деген құштарлығын, эстетикалық талғамдарын ұқыптылыққа еңбексүйгіштікке баулу;
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директоры С. Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашып, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Дауренов  «Әдемі жазу да-өнер» қалалық оқыту семинардың бағдарламасымен  таныстырды.
Әдемі жазудың тамыры тереңде. Түркі халықтарының көне жазбаларынан бастап, араб, латын, кириллица сияқты әріп жүйелерінде каллиграфия жоғары бағаланған. Орта ғасырларда каллиграфия білімділік пен рухани жетілу белгісі болған. Қолжазба кітаптар мен тарихи құжаттарды безендіру арқылы жазу өнері мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналды. Бастауш сынып – баланың білім негізін қалыптастыратын маңызды кезең. Бұл жаста жазу машығын меңгеру тек сауатты болу үшін ғана емес, сондай-ақ шығармашылық қабілетті дамытуға, тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеу үшін де маңызды. Әдемі жазуды өнер ретінде үйрету арқылы оқушылардың бойында жан-жақты дағдыларды қалыптастыруға болады.
1.Семинар бағдарламасына сәйкес, 1. «Оқушының сауатты жазуын жетілдіру» тақырыбында қалалық білім бөлімі бастауыш сыныптары бойынша әдіскері Б. Орынбекова баяндамасымен таныстырды.  2.«Әдемі жазу да өнердің маңыздылығы»» тақырыбында  Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Дауренов баяндамасымен  әдемі жазуды қолданылатын жаңа технолгиясымен таныстыра келе,  2023-2024, 2024-2025 оқу жылында бастауыш сыныптарымен атқарған жұмыстары төңірегінде іс-тәжірибесімен бөлісті. 3.Әдемі жазудың стильдері, жазу жаттығулары (жас мамандармен практикалық жұмыс)  бастауыш сынып мұғалімі П.Алтынбекова қала көлеміндегі жас мамандармен көркем жазуға пайдаланатын әдіс-тәсілдерімен практикалық тұрғыда топқа бөліп жұмыстар жүргізді. 4.«Жаңа құрал – жаңа тәсіл»   жаңа құралдармен таныстыру. Бастауыш сыныптар бойынша әдіс бірлестік жетекшісі Қ Мұсанова «Қазақстан халқына қоры» демеушілігімен бастауыш сыныптарына келген сабақта қолданылатын құралдарымен таныстырып, қолдану жолдарымен түсіндірді. 5.«Үздік дәптерлер сөйлейді» (оқушы дәптерлері көрме)  мектепте ашылған «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік басылым», «Үлгілі дәптер» бұрышымен таныстырып мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарымен бөлісті. 6. 1 «Б» сынып Н. Скендерова әліппе ашық сабақ«Әріптер сөйлейді» Ә,П,Ү дыбысы мен әрпі, 1 «Ә» сынып М. Бегжуманова әліппе ашық сабақ «Не үйрендім, не білдім?  Ү дыбысы мен әрпі», 2 «Ә» сынып Т. Джолдыбаева қазақ тілі «Сұраулы сөйлем»  (Неге?) Қ. Мырзалиев 46-50 жаттығу, 2 «Б» сынып М. Қосжанова қазақ тілі біздің жобамыз «Сипаттау мәтіні қалай құрастырылады?» мамандарына ашық сабағын көрсетті. 7.«Ашық пікір» ҚББ әдіскерлері мен қала мектептерінен келген жас мамандар өтілген ашық сабақтарға өз ойларымен ұсыныстарын білдіріп жоғары дәрежеде өтілгені, жаңа құралдармен тиімді әдіс-тәсілдерін үйренгендерін айтып , қоржындарына жаңаша әдіс арқылы бала бойына жаңаша сабақ беретіндерін  айта келе ұйымдастырған мамандарға алғыстарын білдіріп өз бағаларын берді.Қорыта келе, бастаушы сыныптарда әдемі жазуды үйрету – баланың оқу мен жазу дағдыларын дамытудағы маңызды кезең. Бұл тек әріптерді дұрыс жазуды ғана емес, сонымен қатар әдемілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Әдемі жазу арқылы бала өз ойын анық жеткізуді, жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Бұл дағдылар тек жазу шеңберінде қалып қоймай, оның басқа саладағы табыстарына да оң ықпал етеді.