МАДС ата-аналарымен консультациялық пунктте кездесу жиналысы » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МАДС ата-аналарымен консультациялық пунктте кездесу жиналысы
06
желтоқсан
2024

МАДС ата-аналарымен консультациялық пунктте кездесу жиналысы

Түркістан облысы, Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Мырзахмет  Дауреновтың жылдық жоспарына сәйкес 06.12.2024 жылы мектепалды даярлық сыныбының ата-аналарын арналған консультациялық пункте кезекті кездесу жиналысы болып өтті. Онда оқу орынбасарымен қатар пектеп психологы А.Дүйсембиева, әлеуметтік педагог Г.Сырымбет, дефектолог М.Джавановаға өзекті сұрақтар қойылып жауаптары берілді. Мектепалды даярлық сыныбы балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ететін маңызды кезең болып табылады. Бұл кезеңде баланың білім алу дағдылары ғана емес, психологиялық және әлеуметтік дайындығы да дамиды. Ата-аналардың бала тәрбиесі мен оқу үдерісіне белсене араласуы - олардың табысты мектеп өміріне бейімделуінің кілті. Осы тұрғыда ата-аналарға арналған консультациялық пунк бөлмесі ұйымдастырылып жұмысын жасап келеді. Мұндай кездесулерде ата-аналар өздерін алаңдататын сұрақтарға жауап алып, педагогтардан тиімді кеңестер алды.