28
қаңтар
2025
«Көңілді старт» эстафеталық жарыс
2025 жылдың 24 қаңтар күні Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің жылдық жоспарына сәйкес, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы, "Қамқор" жобасы аясында директордың бейінді жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова, аға тәлімгер А.Қалдыбаева және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Тастемірұлы оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу мақсатында 5-6 сынып дарынды оқушылары арасында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өтті. Эстафеталық жарысқа 6 оқушыдан құралған 6 команда қатысты. Жарыс 6 кезеңнен тұрды. Эстафеталық жарыста әлеуметтік педагог Г.Сырымбет, педагог-психолог Б.Бекжанова және "Өзін-өзі басқару" ұйымының спорт министрі Б.Амангелді қазылық етіп, қатысушы командаларға әділ баға беріп, нәтижесінде "1 орын - "Болашақ тобы" 5 "а" сынып, 2 орын - "Қырандар" тобы 6 "ә" сынып, 3 орын - "Самұрық" тобы 5 "б" сынып марапатталды.







