КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қараша
2024

КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС

                                                           🔔🔔🔔 "КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС" 🔔🔔🔔                                                                              Түркістан облысы, Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 15 қараша        2024 жыл күні «Арқан тартыс ойыны» ұлттық ойының  спорт залда үлкен үзілісте 8-9 сынып оқушылары арасында өткізді.                             Мақсаты: оқушылардың үзілісін қызықты, көңілді, әрі пайдалы етіп өткізу. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. Көңілді үзілісті 8-9 сынып оқушыларымен директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және дене шынықтыру пән мұғалімдері Б.Жылысбаев, Б.Базарбаев өткізді.