Қазақ поэзиясының Хантәңірі - М.Мақатаев 94 жаста » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ поэзиясының Хантәңірі - М.Мақатаев 94 жаста
13
ақпан
2025

Қазақ поэзиясының Хантәңірі - М.Мақатаев 94 жаста

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 03.02-07.02.2025ж аралығында  М.Мақатаевтың 94 жасқа  толуына орай  "Жыр жүйрігі - Мұқағали" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, апталықпен қоса М.Мақатаевтың  туылған күніне іс- шаралар  жүргізілді. Біртұтас тәрбиеге байланысты ақпан айының құндылығы бойынша "Жасампаздық және жаңашылдық",  апта дәйексөзі " "Жасампаздық - бәрімізге  өнеге"   тақырыбы негізінде іс-шараларда қамтылды. Апталығымыздың мақсаты ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған М.Мақатаевтың  өмірі мен шығармашылығынан шолу жасалып, ақынның поэзиясының халыққа кең  таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде  екенін  таныту, шығармашылығының музыкасы мен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері  көпшілік  назарына ұсынылып, әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Ал пән бойынша оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын  дұрыс жеткізуге дағдыландыру мақсат етіп қойылды.  Апталығымыз "Қазақ поэзиясының Хантәңірі - М.Мақатаев 94 жаста" тақырыбындағы әдеби сазды кешімен аяқталды.