Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы
Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінінде 2023жылы 17 қаңтар күні қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым Ы. Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 3-4 сыныптар арасында тақырыбы «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту, оқушылардың білім сапасын шынайы бағалау және кітап оқуға деген құштарлығын ояту.
1. А. Байтұрсынұлының -150 жыл өлеңдерінен мәнерлеп оқу
2. Бейне баяндағы шығармалары арқылы, тыңдалым бойынша викториналық сұрақтар /Жылдам жауап беру/
3. Ойлан,тап ! Қандай өлеңдерінің үзіндісі екенін табу.
Әділқазылардың шешімінен сәйкес Бас жүлде 4 «Ә» сынып оқушысы Қуатова Сағыныш. 1 орын 4 «Б» сынып Дәулет Әсия, 2 орын 4 «А» сынып Ерғали Сезім, белсенділік үшін Айтбай Диана иеленсе 3 орын 3 «А» сынып Исатай Мадина және 3 «Б» сынып оқушысы Жарылқасын Мариям «Жас тілші» номинациясын иеленді.
А. Байтұрсынұлының «Білім- бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген нақыл сөзімен аяқтап, білім алудан үйренуден, ізденуден, еш уақытта жалықпай, білімді ұрпақ , бәсекеге қабілетті ұрпақ –ұлт келешегі деп А Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала беретініне кәміл сенеміз.



