Биология – болашаққа бастар жол » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2025

Биология – болашаққа бастар жол

«Дарынды бала – дара бала» жобасы аясында дарынды оқушылар апталығында 15.04.24ж мерзімінде 8 сынып оқушылары арасында биология пәнінен алған білімдерін жүйелеу және бекіту,оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру және логикалық ойлауға үйрету мақсатында биология пәні бойынша «Ғылым әлемінде» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Сайыс барысында оқушылар биология әлеміне саяхат жасап, тірі ағзалардың құрылымын, тіршілік әрекеттерін, өзара байланысын және қоршаған ортамен қарым-қатынасы бойынша құрылған сұрақтарға жауап беріп білімдерін сынға салды. Жоғары көрсеткішке ие болған 8 «Ә» сыныбы І орын, 8 «Б» сыныбы ІІ орын,       8 «А» сыныбы ІІІ орын иеленді.  Бұл тек білім сайысы ғана емес – бұл ғылымға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті білдірудің бір жолы.
Биология – болашаққа бастар жол. Себебі тіршілік – біз үшін ең үлкен құндылық. Сол себепті оны тану, түсіну және қорғау – әрбір саналы адамның міндеті.Биология ғылымы тіршіліктің сырын ашып, бізді табиғатпен үйлесімде өмір сүруге үйретеді.