ХАЛМЕТОВА Санам Рахимжановна
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Халметова Санам Рахимжановна
Өмірбаян
Халметова Санам Рахимжановна 1986 ж Кентау қаласында дүниеге келдім. М.Қашғари мектебінде 11 жыл білім алдым. Мектепті 2004ж бітіріп, Түркістан облысындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түстім. Жоғары оқу орнын 2008 ж бітіріп, Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 13 жыл. 2021 оқу жылында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
Еңбек еткен жолымда талай жетістіктерге жетіп, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаздардың бірімін. Өз мамандығым бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты 2015 ж оқыдым. Үштілділік оқыту бағдарламасының жүзеге асыруына байланысты 2017 ж ағылшын тілі курсының А1, А2, В1 деңгейлерін оқып сертификаттар алдым. Өз мамандығым бойынша біліктілік арттыру курстарын 2017 ж, «Физика» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсын 2018ж, «Физика пәні бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» курсын 2021ж оқыдым. 2017ж «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталдым. www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет олимпиадасына оқушыларды дайындап, олардың ынтасын арттыруға,болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесім үшін 2019 ж Алғыс хат алдым. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 ж Алғыс хатпен марапатталдым.
Республикалық «QAZBILIM» орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларды анықтау және тәрбиелеу» семинар-тренингіне қатысқаным үшін 2021ж «QAZBILIM» орталығының директорынан және Кентау қаласы білім бөлімінің басшысынан Сертификат алдым. Физика пәні бойынша 11 сынып оқушысы Төребаев Бекназарды оқушылар олимпиадасына дайындап, 2019 ж Түркістан облысының білім басқармасынан ІІ дәржелі дипломмен марапатталды. «Математика және физика сабағында олқылықтарды жою жолдары және білім сапасын арттыру» тақырыбында семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөліскені үшін 2021ж Мақтау қағазын алдым. «Тірі ағзаларға шудың әсері» ғылыми жұмыстан оқушым Нышанбай Нұрай қалалық жарысқа қатысып жүлделі ІІ орын алды. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ретіндегі жеткен жетістіктерім:
«Ақ шағала»Республикалық хореографиялық фестиваль - байқауының қалалық іріктеу кезеңіне оқушыларды дайындап, жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін Алғыс хат, 2022 ж
Жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру,отансүйгіштікке баулу және білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп, «Тұлпар мініп - ту алған» атты облыстық өнер фестиваліне жоғары дәрежеде оқушыны дайындап, оқу-тәрбие ісіне қосқан мол үлесім үшін Алғыс хат, 2022 ж
Кәзіргі таңда «педагог-сарапшы» біліктілік санатты мұғаліммін.