Бақытыңды балаңнан ізде
«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты». Жан Жак Руссо.
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде 26.01.2023 ж күні мектептің жылдық жоспарына сәйкес, «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Мұхтарова, С.Халметова, әлеуметтік педагог Г.Сырымбет, педагог ұйымдастырушы К.Мураткасимова, аға тәлімгер А.Қалдыбаевалардың ұйымдастыруымен әкелер конференциясы болып өтті.Конференцияны әлеуметтік педагог Г.Сырымбет жүргізіп отырды.
Конференцияны өткізудегі мақсат- мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;отбасының қарым-қатынастағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру,әкеге деген бала махаббатын ояту.
Мектеп оқушыларының әкелері мен мектеп әкімшілігі және ұстаздар қатысқан жиынды мектеп директоры Сүлейменов Сәкен Бекболатұлы ашып беріп, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің үлкен екендігі жөнінде және бала тәрбиесіне аса жауапты екендігін нақты дәлелдермен әңгімеледі.
Конференция барысында әкелерге қызықты сұрақтар қойылды, «Әке,мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы?!» атты бейнеролик көрсетіліп, аға тәлімгер А.Қалдыбаева әкелермен «Бала мүсіні» атты тренинг-жаттығуын жүргізіп,әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайында әңгіме өрбітті. Оқушылардан алдын-ала «Сенің өміріңде әкенің рөлі қандай?» сауалнамасы алынып, түсірілген видеоролик көрсетілді. Әкелер көрсетілген видеороликтен өз балаларының пікірлерін ризашылықпен тамашалады. 2 «а» сынып оқушылары хормен «Менің әкем» әнін айтса, 8 «ә» сынып оқушысы Шахтыбай Нәзік «Әке туралы» Ф.Оңғарсынованың монологын оқып берді.
Әкелер өткізілген іс шарада белсене қатысып,отбасындағы бала тәрбиесімен пікір алмасты.


