Мамандығым мақтанышым! » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ақпан
2023

Мамандығым мақтанышым!

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 1 ақпан күні директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова мен АӘД пән мұғалімі А.Мырзахметтің  ұйымдастыруымен,  әскери патриоттық тәрбие беру мақсатында 9,10,11 сынып оқушыларды қатыстыра отырып   Қонысбек Нұррассул Абукаирұлымен кездесу өткізілді. Нұррассул қазіргі таңда Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанты. Кездесу барысында әскери оқу орындарының  әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары арнаулы әскери білім беретін оқу орындары жайында мәлімет бере отырып, өзі қызмет жасайтын әскери институттың ішкі күн тәртібімен, ондағы бағыттарымен таныстырып, арнайы дайындалған бейне роликті оқушыларға ұсынды. Оқушылардың  әскери патриоттық сезімін ояту мақсатында, оларды қызықтырған барлық сұрақтарына жауапты тереңдей берді. Жоғарыда көрсетілген оқу орнына оқушыларымызды білім алуға шақырды.