Ең үздік кабинет
Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде мектепішілік жылдық жоспарына сәйкес «Ең үздік кабинет» байқауы өткізілді. Байқау мектептің №275 бұйрығына сәйкес,комиссия мүшелері құрылды. Байқау шарттары алдын-ала байқауға қатысушыларға таныстырылып ілінуін, барлық кабинет меңгерушілері мен пән мұғалімдерін қатыстыруды ұйымдастыру мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Дауреновке жүктелді. Байқаудың мақсаты: мектепішілік пән кабинеттерінің көрнекі құралдармен жабдықталуын анықтау және педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерді насихаттау.
Байқау ережесіне сәйкес кабинет меңгерушілері кабинет
төлқұжатын, даму жоспарын және кабинет қауіпсіздігінің ережесі мен журналын көрсетті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінен құралған комиссия мүшелері кабинеттің жабдықталуын (стендтердің болуы, гүл отырғызу, кабинеттің санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы), кабинеттің эстетикалық безендірілуін, кабинет кітапханасы мен әдістемелік құралдар қорынының (әдістемелік бұрыштар, көрнекі құралдар қоры, электронды құралдар, тақырыптық папкалар) болуын зерделеді..
Байқау нәтижесі бойынша:
Бас жүлде «№24 Информатика-робототехника» кабинеті «Үздік кабинеті» атанды.
I орын «№17 Биология» және «№4 Көркем еңбек» кабинеті,
II орын «№12 Түзету-дамыту» мен «№5 Математика бастауыш» кабинеттері,
III орын «№30 Химия» мен «№15Қазақ тілі мен әдебиеті»кабинеті иеленді. Кабинет меңгерушілеріне Мадақтамалармен кабинетке қажетті сыйлықтар берілді.

