24
ақпан
2023
«Екі Жұлдыз» байқауы
Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде тәрбиенің рөлін және ұстаздар мен оқушылар арасында ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ, талғам мәдениетін, интеллектуалды мәдениетті қалыптастыра отырып, талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Екі Жұлдыз» байқауы болып өтті. Мектеп директоры Сүлейменов Сәкен Бекболатұлы жиынды ашып, қатысушыларды құттықтап сәттілік тіледі. Байқау барысында ұстаз бен оқушы жұптасып ән айтып, би биледі. Жүлделі орын алғандар және барлық қатысушылар марапатталды.







