28
ақпан
2023
Алтын доп
Кентау қаласы, Қазақ—неміс политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен, қала мектептерінің 8-9 сынып оқушыларының арасында футболдан жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты, оқушылар арасында достық қарым қатынасты нығайту, патриоттық сезімдерін ояту. Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы өзінің «Үздік қақпашы» екенін көрсетіп, марапатқа ие болды. Оқушыларымыз қала мектептерінің арасынан оза шығып, жүлделі II орынға ие болды. Жетекшілері дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б. Базарбаев пен Р. Қалыбаеваға алғысымыз шексіз


