Жас ұрпаққа рухани патриоттық жағымды ой қалыптастыру
Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде «Жас ұрпаққа рухани патриоттық жағымды ой қалыптастыру» тақырыбында мектебіміздің педагог-психологы Баян Әбілдақызы Ауған соғысының ардагері Тұрғынбай Жетпісбайұлымен кездесу кешін өткізді. Кездесудің мақсаты өскелең жас ұрпаққа отанды сүюге, отанды көздің қарашығындай сақтай білуге, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Сол жылдардағы өзінің басынан өткен көзімен көрген шынайы оқиғалармен жасаған ерліктерімен толғана отырып ой бөлісті. Жалпы адам баласы жүрексіз өмір сүре алмайтын сияқты Отансыз да өмір сүре алмайтынына көзінің жеткенін кездесу барысында оқушыларға келелі ой тастай білді. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қоя отырып өздеріне ой толғандырар өздеріне сабақ бола алатын өмірде Отан басына қиын қыстау іс түскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі міне нағыз патриот екенін сезінді. Осы кеште мектеп директоры С.Сүлейменов өзінің ойын өскелең жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор біз өзіміздің даңқты Отанымыздың игілігіне адал қызмет жасауға тиіспіз. Сол үшін балалар сендер Отанды шынайы сүйіп, адал қызмет етіп мақтаныш етіңдер!




