Хабарландыру! » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
тамыз
2023

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі "КММ 2023-2024 оқу жылына:
"Кәсіптік бағдар беруші" қызметі бойынша уақытша бос жұмыс орнын жариялайды.
 Жүктемесі: 1
 штаттық бірлікте.
 Жұмыс мерзімі: бала күтіміндегі орын, уақытша
 Үміткерлер құжаттарын 1
5.08.2023 жылдан 24.08.2023 жылға дейін shkola12.bmomyshuly@mail.ru поштасына жолдаулары қажет.
 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Кентау қаласы, Қонаев көшесі №39.
 Байланыс нөмірі: 8(747) 542-85-17
 Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
 1. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде білуі;
 2. Мамандығына сәйкес біліктілік дағдыларын кәсіби тұрғыдан толық меңгеруі;
 3. Педагогикалық әдеп нормаларын толық білуі («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы)

4.Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби бағдарламаларының қалыптасуы;

5. Оқушыларға кәсіби бағдар беруі мен мамандық таңдау жүйесін ұйымдастыра алу;

6. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру мен бақылау;
 7. Қазақстан Республикасы заңнамаларынан хабардар болуы;
 8. Қажетті құжаттар тізбесі:
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрде жолдайды:
 1. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (индентификация үшін);

2.  Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген;

3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

4. Педагогтерді үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі .

5.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
 6. Соттылықтың бар жоқтығы туралы анықтама;
 7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 

 10. Осы қағидалардың 10 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш.

11. 11 – қосымшаға  сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша  бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 

12. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

13. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 

- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде; 

14. Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.