Хабарландыру!
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі "КММ 2023-2024 оқу жылына:
"Математика пәні мұғалімі" қызметі бойынша уақытша бос жұмыс орнын жариялайды.
Жүктемесі: 16 сағат бірлік.
Жұмыс мерзімі: бала күтіміндегі орын, уақытша
Үміткерлер құжаттарын 15.08.2023 жылдан 24.08.2023 жылға дейін shkola12.bmomyshuly@mail.ru поштасына жолдаулары қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Кентау қаласы, Қонаев көшесі №39. Байланыс нөмірі: 8 (747) 542-85-17
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
1. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде білуі;
2. Мамандығына сәйкес біліктілік дағдыларын кәсіби тұрғыдан толық меңгеруі;
3. Педагогикалық әдеп нормаларын толық білуі («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы)
7. Қазақстан Республикасы заңнамаларынан хабардар болуы;
8. Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрде жолдайды:
1. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (индентификация үшін);
2. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген;
3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
4. Педагогтерді үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі .
5.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
6. Соттылықтың бар жоқтығы туралы анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. Осы қағидалардың 10 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш.
11. 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
13. Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде;
14. Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.