12
қаңтар
2024
Болашақ - жастардың қолында
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 12.01.2023 жыл күні директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және кәсіби бағдар беруші педагог М.Турметованың жылдық жоспарларына сәйкес «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбындағы бітіруші түлектермен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова. ҰБТ -2024 жаңа форматтағы мамандықтармен таныстырды. Кездесуге Кентау қаласының мекемелерінен өз ісінің мамандарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Инженерия факультеті Электр инженерия кафедрасының аға оқытушысы Амандық Данияров, Компютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты доцент Гүлнұр Қазыбекова, Электр инженерия кафедрасының аға оқытушысы Шохрух Бабахан, Кентау Қалалық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің талантты жастар бөлімінің Дастан Әлжанов, Кентау Қалалық мансап орталығының бөлім басшысы Данияр Нарымбетов, Кентау Қалалық мансап орталығының баспасөз хатшысы Дамира Асқынбай келіп, маңызды ой пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз.


