11
қаңтар
2024
Біздің мақтаныштарымыз!
Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген 2023-2024 оқу жылының 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобаларының қалалық кезеңіне Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып 8 жүлделі орын және 2 «Алғыс хат» иеленді. Нәтижесінде: 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобаларының облыстық кезеңінен 2 оқушымыз жүлделі орын, 1 оқушымыз І орын алып, Республикаға жолдама алды. 2023-2024 оқу жылындағы Зерде зерттеу жобаларының Республикалық кезеңіне өткен оқушыға сәттілік тілейміз. Марапаттарыңыз құтты болсын. Дарынды шәкірттеріміз көп болсын!!!
