Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сәуір
2023

Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт

            Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде жылдық жоспарға сәйкес директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың ұйымдастыруымен «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт»  атты дарынды оқушылар апталығында 2023 жылдың 18 сәуір күні сағат 10.40 -де «Жаратылыстану – нақты ғылымдар негізі тақырыбында BATTL»  жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша дарынды оқушыларды қатыстыра отырып 8-10 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерді оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайысқа аталған сыныптан төрт топ (Ғалым, Дарын, Жалын, Шамшырақ) қатысып, жаратылыстану бағытында құрастырылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдады. Оқыған тақырыптар негізінде қызықты ойындарды  жасап, талдады. Нәтижесінде:  Бас жүлде: «Ғалым» тобы, І орын – «Жалын» тобы, ІІ орын – «Шамшырақ» тобы, ІІІ орын – «Дарын» тобы иеленді. Белсенділік танытқан топтарды арнайы сыйлықтармен «Алғыс хаттармен» апталықтың қорытындысында марапатталады.