16
қаңтар
2024
Түлектермен кездесу
Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте 16.01.2024 жылы директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және кәсіптік бағыт-бағдар беруші педагог М.Турметованың ұйымдастыруымен «Грант 2023» бітіруші түлектермен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты оқушылардың жоғарғы оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт бағдар беру. Мектебіміздің 11 «а» сынып оқушылары грантқа түскен студенттердің мамандықтары жайлы айтып өтті. Грантқа түскен былтырғы 11 а сынып оқушыларының сынып жетекшісі биология пәнінің мұғалімі А.Көбекова өз сөзінде, грантқа түскен студенттердің мамандықтарын, ҰБТ-ға қалай дайындалғаны жайлы айттып өтті. Грант иегерлеріне түрлі сұрақтар қойылып, олар оқушыларға сабақты жақсы оқып, қаңтар ҰБТ-на мұқият дайындалу керектігін түсіндірді. Бүгінгі оқушы ертеңгі студент. Келген студенттерге алғыс білдіреміз!



