09
ақпан
2024
Спорт – денсаулық кепілі
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9 ақпан күні «Спорт – денсаулық кепілі» атты дене шынықтыру пәнінің апталығының жоспарында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Тастемірұлы мен директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың ұйымдастыруымен дарынды оқушылар арасында «Ұлттық ойын - Тоғызқұмалақ» 5,6,7 сыныптар арасында жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты тығыз байланыстырып, патриоттық сезімдерін ояту. Жалпы ұлдар, қыздардың қатысушылар саны 19 оқушы. Тоғызқұмалақ ережесін таныстырып, тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналды. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі болады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданды. Нәтижесінде: Ұлдар аралығында І орын Бабахан Данияр 6 «В», ІІ орын Асылхан Мейіржан 5 «Б», ІІІ орын Хужаберген Дінмұхаммед 5 «Б», ҚЫЗДАР аралығында І орын Бабахан Инара 7 «ә», ІІ орын Нурметова Гүлнәзік 7 «ә», ІІІ орын Уралбекова Аяла 5«ә» оқушылары марапатталды. Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған оқушыларды мектеп әкімшілігі дайындаған мақтау қағаздармен лездемеде марапатталады. Дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!


