Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!
Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде бастауыш сыныптар бойынша жылдық жоспарына сәйкес, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Дауреновтың ұйымдастыруымен «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» атты 2-3-4 сыныптар арасында танымдық сайыс өтті. Танымдық сайысты бастауыш сынып мұғалімдері С.Тулебаева, Т.Джолдыбаева жүргізді. Танымдық сайыстың мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге, жолда жүру ережесін сақтай білуге үйрету,тәртіптілікке, көшеде жүргенде сақ болуға, өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Сайыс екі топқа бөлінді. 1-топ «Жол белгілері, 2-топ «Жүргізуші»
Сайыс бес кезеңнен өткізілді. I-кезең «Таныстыру»
II-кезең «Жолдан өте біл» (жолдан өту ережелерін көрсету)
III-кезең «Саналы жүрек» (викториналық сұрақтар)
IV- кезең «Жол белгілерін білеміз бе?» топтық сайыс
V- кезең «Топ басшылар сайысы»
Сайыс нәтижесі бойынша:
I орын «Жол белгілері» тобы,
II орын «Жүргізушілер» тобына берілді.Әр топқа үздік қатысып жолда жүру ережелері төңірегінде барлық кезеңнен сүрінбей өткен топ басшыларына МАДАҚТАМА және қатысушы әр топ мүшесіне сыйлықтар берілді.


