Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сәуір
2023

Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде жылдық жоспарға сәйкес   директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт»  атты дарынды оқушылар апталығының жоспарын   І,ІІ  ауысым бойынша таныстырды. 

Апталықтың мақсаты: оқушының интеллектуалдық, шығармашылық мүмкінділігін арттыру, оқушылардың дарындылық сапасын анықтау және кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу. 

Күтілетін нәтиже: дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог саны артады. Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту. Белсенділік танытқан дарынды оқушыларды анықтап, 21 сәуір күні апталықтың жабылуында арнайы «Алғыс хат» және сыйлықтармен марапатталады. Іске сәт, дарынды оқушылар!