Мен таңдаған мамандық » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ақпан
2024

Мен таңдаған мамандық

       Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 27 ақпан 2024 жыл күні директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарына сәйкес «Мен таңдаған мамандық» атты тақырыпта ақпарат, кеңес 10-11 сынып оқушыларына кездесу өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, ақпарат – кеңес беру. Дәл қазіргі уақыт біздер үшін маңызға ие, қандай жоғарғы оқу орнына түсіп, қандай мамандық тандаймын деген маңызды сұраққа жауап іздейтін, болашақты бағдарлайтын кездерімізде тақалып қалды. Мұндай өмірлік сұрақтар ойланып, толғанып барып шешім қабылдауды қажет етеді. Білім алу бүгінгі таңда маңызды болып отыр. Оқу- адамның болашағын айқындайды. Сапалы білім беретін оқу орнын таңдау- болашаққа жасалған сенімді қадам. Себебі білім – бұл болашақта өзін міндетті түрде көрсететін жасырын қазына. Сол себепті мамандық тандағанда, тек  мамандықты ғана емес, сонымен бірге білім берудің жоғары сапасын және дипломның басқа елдерде де қолданылуын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнын да таңдау күрделі іс екенін біз білеміз. Бұл мектеп бітіруші әр түлектің басына туатын бір кезең. Осыдан бастап әр азамат пен азаматшалар өздерінің болашағын, арман- мансаптарын болжай бастайды деген оймен кеңес беріп отырамын. Оқушылармен сұрақ қою арқылы бірнеше ақпараттар алынды. 10-11 сынып бітіруші түлектерге мамандық таңдауға бағыт –бағдар беру арқылы аяқталды. Болашақтарын жарқын болсын!!!