Менің Отаныма – менің бастамам » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сәуір
2024

Менің Отаныма – менің бастамам

Кентау қалалық білім бөлімі, Түркістан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» хаты негізінде «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру, Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту. Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп бойынша   4 сәуір 2024 жылы  7 «Ә» сынып оқушысы Жапақ Диас қалалық кезеңге қатысып «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша  І дәрежелі дипломмен қалалық кезеңнен өтіп, облыстық байқауға жолдама алды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі М.Турметова. Облыстық кезеңнен жеңісті оралуына тілектеспіз!