15
сәуір
2024
Лабораториялық жұмыстар және оқушыларға сындарлы кері байланыс беру
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсенбаев ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлуде. Осы ретте «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен «Ауылдық және моно қалаларындағы тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 2023 -2024 оқу жылынан бастап Түркістан облысы, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп тірек мектептері қатарына қосылып, мектебіміздің материалдық-техникалық базасын дамыту және жабдықтау жобасы арқылы оқушы пайдаланатын құрал-жабдықтары келіп оқу кабинеттері түгел жаңартылды. Мектеп директоры С.Б.Сүлейменовтың ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлесіп мектеп мұғалімдеріне арнайы курстар мен оқыту семинарлары ұйымдастырылып келеді. 09.04.2024 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары Б.Момышұлы атындағы N12 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Лабораториялық жұмыстар және оқушыларға сындарлы кері байланыс беру» тақырыбындағы әдістемелік семинар өткізді. Ашық сабақтар бағыты бойынша “Лабораториялық жұмыстар және оқушыларға сындарлы кері байланыс беру” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті «Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен портреттік мінездемесі», орыс тілі мен әдебиеті «Торговые связи и денежное обращение кочевников», ағылшын тілі «Language focus: be going to and will» , алгебра «Тригонометрия формулалары» физика «Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы», химия «Тұздар. №9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы» ,Тарих XVIII-XX ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер», география «Табиғат ресуртарын игеру мәселелері», биология «Жыныстық жолмен берілетін аурулар» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен бірлесе ашық сабақтары мен зертханалық жұмыстарын көрсетті. Екінші кезеңінде Семинар мен тренингтер (пәндер бойынша) жалғасын тапты. Мұғалімдердің пәндер бойынша түсінбей жатқан сұрақтарына, зертханалық жұмыстар және басқа да түрлі тренингтер арқылы кеңінен жауаптарын алды. Алдағы уақытта жалғасын тауып оқушылардың бойына білім нәрімен сусындатып оқу жылын керемет білім сапасымен аяқтайтынымызға кәміл сенеміз!







