«Кез келген жерде, кез келген уақытта, бәріне бірдей қол жетімді» » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кез келген жерде, кез келген уақытта, бәріне бірдей қол жетімді»
24
қараша
2023

«Кез келген жерде, кез келген уақытта, бәріне бірдей қол жетімді»

«Кез келген жерде, кез келген уақытта, бәріне бірдей  қол жетімді»

Алматы қаласында 15-16 қараша күндері Республика сарайы және Қазақстан қонақ үйінде  ED CRUNCH -X  «Кез келген жерде, кез келген уақытта, бәріне бірдей  қол жетімді» атты білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша оныншы  мерейтойлық  конференциясы болды.  Конференцияға Түркістан облысы, Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Дауренов қатысып келді.Конференция жұмысына Әлемнің 25 елінен 50 халықаралық серіктестері, 350 әлемдік спикерлер, 3 мыңнан аса офлайн, 10 мыңнан аса онлайн тыңдаушылар қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты.Түрлі тақырыпта алаңдар мен қоса цифрлық техникалық жәрмеңкесін көрсетті. Өзіміздің отандық және шетелдік кәсіпкерлер түрлі цифрлық өнімдерді жарнамалап таныстырды.   Конференция барысында отандық, шетелдік спикерлер, баяндамашылар  «Мектептегі білім беру»  қатысты барлық өзекті тақырыптарды қарастырды. Әсіресе «Ауыл мектебі әрбір оқушының өсу аймағына айналуы үшін қандай ізденіс жолмен айналысу керек?» панельдік сессиясындағы түйген ойлар: Ауыл мектебі тек қана білім беру ордасы ғана емес, ол ауылдың әлеуметтік орталығы. Мектеп оқушылардың сабақтан бос уақытында тұлға болып қалыптасуына қосымша мүмкіндіктер берілуі керек. Ауыл мектептерінің мұғалімдерінің  кітап оқуына, өз-өзін дамытуына жағдай жасау білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Оларға: 

1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру; 

2. Материалдық техникалық базамен қамтамасыз ету; 

3.Әдістемелік қолдау мен мониторинг. 

Ауыл мектептерінің оқушыларының барлығы дарынды, ұлттық тарих пен мәдениетті таратушылар, сондықтан алғашқы жағдайды осы бағытқа бұру керегін баса айтылды. Конференцияда IT саласы бойынша көптеген жұмыстар мен тәжірибелер көрсетілді.Сонымен қатар,оқушыны сабаққа қалай қызықтыруға болатыны, оқушыларды жаңалықтар ашуға баулу, дарынды балаларды қолдау, ата-аналарды баласымен сабаққа қатыстырып, ашық есік күнін орнатумен қоса инклюзивті білім, жасанды интеллект туралы айтылды. Жасанды интеллекттің заманында жаңа дүниелерді меңгеруге мүмкіндігіміздің барлығын басты назарға қойды. Ұстаз заман талабына сай үнемі ізденісте болуын дәлелдейтін бұл конференция- жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушыға білім берудің тиімді жолдарын ұсынатын, креативті идеаларды таратып бірлесе атқарылған қызметтердің нәтижесін көрсетті.


Қатысушы: М. Дауренов